Posted in

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ИЛЕУІНДЕЙ

Қаптаған көп адам, ығы-жығы қалың нөпір сипаты. ~ Вокзал үйінің іші құжынаған құмырсқаның илеуіндей. С.Сей. ~ Димекеңнің көшесінен басталып «Жібек жолымен» Көк базарға дейін созылатын көше базары бүгін де құмырсқаның илеуіндей… Қ.Ысқ. ~ Алыстан қарағанда үйме-үйме бықырлаған құмырсқаның илеуіндей. С.Жүн. ~ Тағы бір күні Томар адамы құмырсқа илеуіндей қыбырлаған, тынышы жоқ бір үлкен қалаға тап болды. Іздеп базарына барды. Б.Қыд. * Онда кісі аз еді, жаз айы болған соң, теңіз жағасы құмырсқаның илеуіндей құжынаған адам. Жасын сияқты киіммен жүргендер ілуде бір кездеседі, көпшілігі жартылай жалаңаш. Д.Исаб. * Одан басқа жерінде ұя салар орын жоқ, дария көлдің беті, шілде кезінде құстың балапанына құмырсқаның илеуіндей қаптайды да кетеді. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *