Posted in

ҚҰН ЖЕТПЕЙДІ (ЖЕТЕ МЕ, ЖЕТКІСІЗ)

Аса құнды, өте қымбат. ~ Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Төле би. ~ — Айтарын бар ма! Әлде сіздің бұған күмәніңіз бар шығар? — Ғалым даурығып қоя берді. — Қатты қанаттылар тобына, тор қанаттылар тобына немесе жарғақ қанаттылар тобына қосуға болмайтын бұл жаңа жәндікке құн жетпейді!.. Ж.Верн. ~ Бұл бір кезде жер басып, Күннің нұрын көріп, қуанып, қайғырып, өзімізше өмір сүріп жүрген адамдардың тәнінен жаралған екен. Оған құн жете ме? Ш.Мұр. ~ Ал енді соғыстың азап-тозағын бастан кешіріп жер басып жүрген әрбір адамның бағасы қаншалық құн жеткісіз екенін, оның көңілі қаншалық қымбат екенін заманның ұлы сабағын алған ел өзі-ақ түсінді. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *