Әлдебір қылмыс үшін тағайындалған айып мөлшері туралы. ~ — Не құн кескен екен сонда?— дедім мен. — «Қасым ханның қасқа билігінен, Есім ханның ескі билігінен, Әз-Тәукенің жеті жарғысынан» деп кескені үш ердің құны. С.Мұқ. ~ Көрмеген тентексіңдер тіл кесуді, Жоғалтып бұзылған ел ресімді. Сақалдар осы тұрған біле ме екен, Тентекке жаза, өлгенге құн кесуді? І.Жан. ~ Президентпен қалай сөйлеседі, халыққа не дейді – бәрі жаттаулы. Көбі құлқынның құлы. Жаңағы ықтиярхат, азаматтығыңа да құн кесілген. Ж.Шәк. ~ Тағы да бір-екі күн өткенде құн кесілген біреудің аты да білінді. Кейде жазда Бақтығұлға ере жүрген Жәдігерге кесіліпті дейді. М.Әу.
