Жасалған қылмыс үшін айып төленуін талап етті. ~ «Алтыния шешейдің өліміне құн сұрай келдік, Қарабеттен басқа ешкім емес мұны істеген. Қанға қан. Балаңды қолымызға бересің», – деп қиғылықты салып алдық. С.Жүн. ~ — Атаңа нәлет, азғын! Қазір мен сені өз қолыммен суға ағызайын! Осы қылмысың үшін кім менен құн сұрар скен? — деп ол Қаражанды жерден тік көтеріп алды да, сөлеңдетіп иығына салды. Б.Тоғ. ~ Бұқардың құн сұрап келгені жай сылтау екенін әрине, бұ да ұқты. І.Ес.
