Дәм татпай, аш қарын шықты. ~ Олай бола қалған күнде болыс билердің қайсысы қай жағына аунап түсерін кім білсін! Сонша долырып, сөніп тұлданып келіп құр ауыз аттанып кетуге де болмайды. Ғ.Мүс. ~ Шу дегенде суырылған құла мықты, Сынығыңды бекіткен сына мықты. Қалай ғана құр ауыз аттанайын, Тым болмаса қимады-ау быламықты. Б.Мом. ~ – Құр ауыз аттандырдың, шал, – деді аманжан. – Бәрібір түбі сенің үйіңнен шай ішпей қоймаймын. Қайтарда соға алмасам да, келесі жазда, әдейі іздеп келермін… О.Бөк.
