Олжасыз, есесіз, дәм-тұзсыз. ~ Елге еңбегі сіңбеді деп құр ауыз қалған Өтеуге қарағанда бұл да байлық. Қ.Ысқ. ~ Әлім газға шай қойды. «Шура жұмыстан түс кайта келеді, оған дейін құр ауыз отырамыз ба?» деп, дастарқан да жасап жіберді. Б.Тоғ. ~ Айтқым келгені — Абай жиналыстарда шылғи мақтап, құр ауыз сөзбен аттап өтіп, әр түрлі шараларда көрсететін құр көлеңке болмауы керек. Абай есімі жалған ассоциациялар туғызбауы, оған итермелемеуі керек қой. Ж.Ерт. ~ Қағаз-қаламы, жиып-терген кітабы, ғылымы… – мәдениеті ере келген жоқ па еді? Соның арқасында ғой, жазба әдебиеті, яғни прозаның (поэзия сұрап қол жайған жеріміз жоқ, құдайға шүкір) қазақты да құр ауыз қалдырмағаны. А.Нүс.
