Posted in

ҚҰР БЕТАЛДЫНА (БЕТАЛДЫ)

Жөн-жосықсыз, бостан-босқа. ~ Сіздер осы, құр беталдына «сырыңды айт», «сырыңды айт» деп қоймайтындарыңыз қалай? — дедім. Бекмұқамбет пен Төлебай да қасымызға келді. С.Сей. ~ Партия жөнімен алынған барымта, тартыс – бір басқа, ол сөздің түйіні саған келген жоқ. Құр беталды өз бәлеңді жұқпайтын кісіге жұқтырамын деп шапшыма, білдің бе. М.Әу. ~ Кейде тіпті айсыз қараңғы түнде жол таба алмай, жөн- жосықсыз құр беталды қаңғырып жүргендей болады. С.Ом. ~ Өз тарапынан күш-жігерін аямай жұмсап жүргенде, екінші жағы тіпті желп етіп күш салайып демеген соң, шаруашылығы құр беталды кетіп, тамаша сайман, таңдаулы малы мен жері мүлде босқа бүлініп бара жатқанын да сол тартыста айқын көрді. Л.Толс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *