Posted in

ҚҰР КЕУДЕ

Бос дәме, қу көкірек. ~ Көкте самғап өткен ер, Отыр жерде, құр кеуде. Қорек болса көкте егер, Қонбас еді бұл жерге. М.Мақ. ~ Сақал-шашы күнге ағарған. Құр кеудеге “мынау қос қол болсын” деп оттан суырып алған екі сексеуіл бұтағын қыстыра салған, “мынау аяқ болсын” деп бақанды бөксеге байлап қойған секілді. Д.Досж. ~ Тобылдың татар саудагерлерінің қазақтарды айдап салғанындай, орыстар қауқиған құр кеуде осал халық көрінбейді. Ә.Кек. ~ Көнбегенде қайда барасың? Тіпті, бір ауыз сөз айтпай кете берсе де, қазір еркекті ұстап тұра аласың ба? Қайта, Баймырзаның арттағы бала-шағасын ойлап қайырылғанына рақмет! Құр кеудеден, жалған намыстан не шығады? Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *