Posted in

ҚҰР ЖІБЕРМЕДІ

Шет қалмады, қатысты. ~ Ол ауылда болып жататын жиналыстардың бір де біреуін құр жібермейді. Б.Соқ. ~ Биді жақсы билейтін Зәуреш училищедегі бірде – бір сауық кешін, концертті құр жібермей жүрді. Ә.Әл. ~ Арбадағы шелек- қаптарға қарап, ішімнен “базар күнін құр жібермейтін саудагер шығарсың” деп жоримын да, Қауғасақалдың масаң кейпін көргенде “барын сатса да батып ішетін маскүнем боларсың- ау” деп топшылаймын. Қ.Ысқ.

  1. Қолайлы сәтті пайдаланып қалды, есесін жібермеді. ~ Екеуміз мына көктемнің күнін құр жібермей бір тірлік жасайық. Қауын егейік. Ш.Мұр. ~ Тарқатып жастық күннің шер-құмарын, Бұралтып сұлу қызбен күлген жерім. Ас пен айт, той-жиынды құр жібермей Сайраңдап сауық құрып жүрген жерім. С.Сері. ~ Жайшылықта Дәулет келіншегінің мұндай назын құр жібермей бір құшақтап қалатын, қазір онысын тіпті елеген де жоқ. Самарқау қалды. М.Сүн.
  2. Желігін басты, нәпсі қанағатын алды. ~ Матеннің абдырап сасқанын қызық көрді ме, әлде мұның келіскен, төртпақ тұлғасына қарап, мұндай еркекті құр жібермейтін өзінің жастық шағын еске түсірді ме, жесір патшайым сәл жымиып күлді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *