Сәуірдің аяғы не мамырдың басында күн суытып, қар аралас жаңбыр жауатын кез. ~ Сиғат орнынан тұрды. — Алда құралайдың амалы бар, мынау жел соның хабаршысы. Орманшы боламын десең осыны да білуің керек. Қ.Ысқ. ~ Киік төлдейтін май айының екінші жартысында ылғи да аспанды сұрғылт бұлт торлап, жауын-шашынды, салқын болады. Қазақ халқы бұл мезгілді «Құралай амалы» деп атап кеткен. “Шопан сырласы”.
