Posted in

ҚҰРҒАҚ АЙҚАЙ (АЙҒАЙ)

Бос шу, даурықпа сөз, қоқан-лоқы. ~ Көзге iлiнбей жымиып жасырын жүрген, мемлекетке аса қауiптi қателiктер мен қылмыстар азуында бұйрық бұрқырап тұрған жалаң төс, құрғақ айқай, даурықпашылардан шығады. К.Әмірб. ~ Менiмше мұндай құрғақ айқайдың, пайдасыз сабылудың үнi өшер уақыт жеттi. Көрпеге қарай аяқ көсiлiп, бiр жұмыс iстеп, бiрегей нәтижеге ие болатын байсалдылықты құптау керек. Р.Рай. ~ Енді белгілі бір жұмысты қолға алып қызметке жаттығу керек. Мына құрғақ айқай қол емес, деген Жұмабектің кешегі бір сөзі өзіне ой салды. С.Бег. ~ Әне, өтірікті судай, ақсақты тыңдай ғып соғып жатыр. Көп сөздерге Қасым іштей тыжырынып қалды. Айтары болмаған соң, құрғақ айғай кімге керек, құр уәде кімді жарылқайды? К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *