Posted in

ҚҰРДАЙ ЖОРҒАЛАДЫ

Асты-үстіне түсті, аяғынан тік тұрды; айтқанын екі етпей, қызмет қылды; құлдық ұрды. * Қазақтың малын, жанын аямай қимылдайтын жұмысы – сайлау. Сондықтан, ел сендерді құрметтейді, басына көтереді. Алдарыңда құрдай жорғалайды. Оған сендер желігіп, мастан-бауларың керек. Ж.Айм. * Бұқара қасқа бүгжеңдер, Табанда ылғи тепкі жер, Құл боп құрдай жорғалап. Күндер өткен осылай… М.Жұмаб. * Сонда оқтай зырлаған Балшы ұшып кіріпті. Кіріп құрдай жорғалап, Құлдық ұрып үш қабат, Тұрып сөйлей беріпті. М.Жұмаб. ~ Құзырына құлдық ұрған ишара танытып, үшеуi құрдай жорғалады. Сол заматында Iлиясты қаңбақша дедектетiп, сыртқа беттедi. Ә.Ыбыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *