Posted in

ҚҰРСАҚ КӨТЕРМЕДІ

Жүкті болмады, бала көтермеді. ~ Жас жүректің ұйтқыған ондай есалаң тілегі қабыл болды ма, кім білсін, түскеніне үш жыл толды, Шолпан құрсақ көтерген жоқ, құрсақ көтермегеніне Шолпан шын разы еді. М.Жұм. ~ Айта кететін бір өкінішті жай Иван Ивановичтың артында ұрпақ қалмады. Әйелі құрсақ көтермеген кісі екен, баласыз етті. Ә.Нұрш. ~ Қосылғандарына екі-үш жыл өтсе де ол құрсақ көтермеді. Күйеуі соған қапаланды ма, үйіне жиі ішіп келіп жүрді. Н.Сер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *