Біреудің қолына түсті, ұсталып қалды, алданып қалды. ~ Солар осы жайлаудан табылмай, жатақта, жырақта жатса, сонау қасқырлардың аузына, құрығына оп-оңай ілінер ме еді? Жайлауды жайлаймын деп жүріп, отқа түспеді ме? М.Әу. ~ Ескіліктің кері тартпа құрығына ілініп: «Аға өлсе, іні мұра деп, жеңгесіне де үйленген. М.Сүн. ~ … солардың тілеуіндегі маңайласы, құдандасы болсын немесе кейде тіпті кімдікі екені белгісіз, тек жерлес бөгде болсын — бәрі де жырынды жігіттердің құрығына іліне беретін болды. М.Әу. ~ «Өзіңде Сұлташтың құрығына түскен екенсің, қайырлы болсын!» деп әзілдеуге серінің аузы бармады. С.Жүн. ~ — Әй, ашық ауызым- ай… Аламын деп алдамаса қыз өнетін бе еді, қалайда құрығына түсірген жігітті айт, сабаз. Н.Сер.
