Күш-қуаты зор, қару-күші жетерлік, әдіс-амалы, қулық-сұмдығы көп, мүмкіндігі мол; (одан) оңайлықпен құтыла алмайсың д.м. * Патшаның құрығы ұзын, шеңгелі мығым. Кедейге Қайыптың күші жетпегенмен орыстың үкімі жүреді. Ү.Жәлеке * – Оп-оңай құтылып кетейін деген екенсіз, өкіметтің құрығы ұзын. – Еркінді долылық қысып, тістене сөйледі. О.Бөк. * — Орыстың құрығы ұзын – бізге тиіскенді жер түбінен де табады!… Бұл істі ойдағыдай орындасаң, жылқы ішінен таңдаған жүйрікті мінесің! Б.Тоғ. ~ Үкіметтің құрығы ұзын, ешқайда қашып құтыла алмайсың! – деп, екі қолының екі саусағын айқастырып «тор» жасап, түрме дегендей ишарат білдірді. З.Нұрт
