Қашықтық өлшемі.~ Ой теңізіне шомған бәйбіше күлімсірей түсіп біраз отырды да, кенет күрсінді: самсап келе жатқан салт аттылар ойын ең тәтті жерінен үзіп жібергендей болды. Қайдарлар еді олар. Бәйбішенің жанына құрық бойы келіп, аттарының басын тартып, тоқтады. Б.Майл. ~ Аспан бүгінгідей көк болмас. Күн құрық бойы көтеріліпті. Желсіз, шыңылтыр аяз. М.Мақ. ~ Жұрттың қиқуы көбейген сайын шабысты түзей түсті. Әне, күрең қасқадан құрық бойы озды. Ә.Кек. ~ Тазы бұрылып, ауыз сала бергенде лып етіп ырғап түседі. Ағынымен өтіп кеткен тазы құйрықтың да, түлкінің де сол жақ қапталға, құрық бойындай жерге шығып алғанын көреді. Бұрыла сап қайта қуады. М.Мағ.~ Сәулелi, асқақ сезiмнен басқаның бәрi ұмыт, бәрi күйкi, жер бетiндегi қарабайыр пенделiктен де құрық бойы биiктеп кеткендейсiң сол сәт. Т.Сәук. ~ Көне қамалдың қаншалык еңселі болғанын сонда ғана аңдап еді. Үш құрық. Бəлкім, төрт құрық бойы. Сіресе қаткан сары балшық балталасаң қайыспастай. М.Мағ. ~ Шуағын мол төккен күн құрық бойы көтерілгенімен таңғы салқынның әлі серпіле қоймаған әдемі сәті. Ж.Шағ. ~ Тазы бұрылып, ауыз сала бергенде лып етіп ырғап түседі. Ағынымен өтіп кеткен тазы құйрықтың да, түлкінің де сол жақ қапталға, құрық бойындай жерге шығып алғанын көреді. Бұрыла сап қайта қуады. М.Мағ.
