Posted in

ҚҰРЫҚ БОЙЛАМАЙДЫ (БОЙЛАМАС)

Түбіне жете алмайсың, шетсіз-шексіз д.м. (Әдетте, арам адамның қулығында шек жоқ д.м. айтылады.) * Әй, әйткенмен… жаңсақ басқан кездерi де аз емес-тi. Жемсауына параны әбден тығындап алған прокурордың амал- айласына құрық бойламайды. Ш.Құмар. * — Ертең қол бос.Тау аралайық. Өткір көз бен қалтырамайтын қол менікі, құрық бойламайтын қулық сенікі. М.Қаб. ~ Бұл екеуі, шынында да, бейілдеріне құрық бойламайтын абзал жандар. Қонақ күтімдері керемет. Колхоз биені тауда байлайды екен. ЬІсқақ түнімен сол тауда жылқы бағады да, таңертең бізге арнап бір мес қымыз алып, жетіп келеді. Ет пен қымыз бұл үйде ағыл-тегіл. Б.Соқ. ~ Құйдай өтірік. Қулығы қырық есекке жүк болатын әккі қыздардың жалт берерде табар амалдарының бір шегі болсашы! Қай жерлерінен шығады екен өзі! Көп бірге болып, шөге шүйіркелеспегеніммен, құрық бойламас құдық сырларыңның шет-жағасын ептеп білетінмін. С.Үс. ~ Біріншіде саған шошына қарағанмен, біртіндеп сенің құрық бойламайтын қулығыңды ұғынып: «Шошыған адам олай шошынбайды. Сен, – деді маған, – есіңді жиып сандырағыңа құлақ түр». С.баяз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *