Posted in

ҚҰРЫҚ ТАСТАДЫ

Қолға түсіруге әрекет жасады. ~ Кеңсе маңайында да кісі қара жүре бермейді. Жүрмейді емес, Мақанның ызбарынан ығып, айбарынан сескеніп, осы үйді айналып қашады. – Балтажаныма құрық тастаймын дей ме?.. Жауыз ғой! Сол құрықтың тұзағын менің мойныма іліп қойып отыр. Аямайды. Қыршыныңнан қия салады! С.Смат. * Тоқаң үйіне тура тартып отырды. Телефонға жетіп құлап, редакцияның жауапты хатшысына құрық тастады. Ғ.Қаб. * — О, аруақ, сақтай гөр! — Тіл- көзден аулақ, әйтеуір. — Азамат деп осыны айт. — Диюға да құрық тастар құдірет иесі болар. — Не де болса епті екен, шіркін! Б.Мом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *