Posted in

ҚҰРЫМ КИІЗБЕН ҚАҚТЫ

Халық нанымы бойынша жын-шайтан, ауру-сырқауды қуу әдісі. ~ Жігіт үйдің алдына жете бергенде манағы ұрысқақ жолаушы кемпір тағы шаңқ ете қалды. – Тоқтаңдар, алдымен құрым киізбен қағып, аластап барып кіргізелік. Қ.Мүб. ~ – Алас! Алас! Бар пәледен қалас… Кет, пәлекет кет! Сұф… – деп кемпір бір қолында қарақұрым киіз, бір қолында үлкен кесе толы су бар. Құрым киізбен қағып тұтанған аршамен аластап, су бүркіп ұшықтап жатыр. Бір сәтте барып келіншек ыңыранып есін жиды. Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *