Posted in

ҚҰРЫҚТАН ҚҰТЫЛДЫ

Басына еркіндік алды, біреуге тәуелділіктен құтылды. ~ — Асаубаев! Асаубаев! — деп Әбен ұмтылғанша, Мереке құрықтан құтылған қашағандай мектептің ауласынан орғып шыға берді.. М.Мақ. ~ Қазір құрықтан құтылсам, ертең қылша мойынға сарт еткізіп қайта салуы мүмкін. Н.Қуан. ~ . “Ал жақсы!” — деуге шамасы келді ме, келмеді ме, құрықтан әрең құтылған асаудайын зытып берді, көшеге шыға сала бос келе жатқан абажадай автобусты ұстап алып, жүргізушіні көп ақшаға көндіріп, үйіне тартты, қуанғаны да, асыққаны да сонша. Ә.Тар. ~ Билік кімнің қолында болса, құрық та соның қолында. Құрықтаулы асау бұлқынғанмен, құрықтан құтыла ала ма? Б.Нұрж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *