Бойы жазылып, көңілі жай тапты. * Қос бүйірге темірдей қадалған тақым қабырғаларды қаусатып жіберердей қатты сығыммен қысып-қысып жібергенде, жануардың ертеден бергі құрысы тарқап, бауырын кере сыдыра жөнелер еді-ау! Ж.Айм. * Қос бүйірге темірдей қадалған тақым қабырғаларды қаусатып жіберердей қатты сығыммен қысып-қысып жібергенде, жануардың ертеден бергі құрысы тарқап, бауырын кере сыдыра жөнелер еді-ау! Ә.Нұрп. * Біз мұнда залалды іспен емес, әр мемлекетке, әр адамның мүддесіне пайдалы жұмыспен келіп отырмыз» деп Балқаш көпшілікке естірте саңқ ете түскенде ғой, Боранқұлдың бар құрысы тарап, құлазыған көңілі жылынып сала бергені. Ғ.Біл. * Жан- жүйеңді балбыратар бір әуезбен уілге басады. Бар денесі босап, бар құрысы жазылып, қуанышқа бөленеді ана. Ү.Жәл.
