Көңілі кетті, ықыласы ауды. ~ Айтпақшы, төбесі көк тіреген айдынды профессордың неғып бұл сығырға алабөтен құсы түсіп өбектей қалды? Ұлық басын кішік қып сонша неге жайылып – жастық, иіліп – төсек! Жақыны ма? Т.Сәу. ~ Өнер мұра- тына берілгеннен бе, әйтпесе әйелдерге құсы түскіш құмар көңілдің әккілігі ме, барынша тартымды көрінуге тырысып: “Келің. Отырғын, айналайын!” – деп бұған қарсы жүрді. Ө.Кәр. ~ Үйлі-баранды секілді ғой, қайдан бұған құсы түссін-ау… Үмітін қанша үзейін десе де, құрыққа сырық жалғағандай, бір ойды бір ой қуалай, өз әнінде айтқандай, күндіз күлкі, түнгі ұйқыдан қалып, күрсінумен күн артынан күн кешті. Ш.Құм.
