Үйіріне ие, жайлы, малдың құты саналатын айғыр. ~ – Кең далаға кішкентай үйірін сыйғызбай, тырқыратып қуалап болатын сәурік айғыр бар да, қыдыр дарыған байдың кереге жал құтпан айғыры бар-ау. Мен де сені келешекте сол құтпан айғырдай үйіріне тыныш, ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз жан бола ма деуші едім. Ә.Нұрп. ~ Мал тұқымы жылдан-жылға азып барады. Үйірге салатын құтпан айғыр көзге шалынбағалы қашан?! Өңірде жылқы тұқымын асылдандыратын бірде-бір шаруашылық жоқ. “ЕҚ”.
- Әулетінің, елінің берекесін сақтай білген, көсемдік қасиеті мол ер адам. ~ Маңғыстау жаққа жалғыз жортып, Адай, Табыннан үйірге салатын құтпан айғыр, ел ақтаған саңлақтар әкелетін де осы Кәлен еді. Ә.Нұрп. ~ Үзақ қыс бойында кер жабағыдан басқа бір жылқыны ит- құсқа тістетпей аман алып шықкан Алашекенің даңқы шартарапқа жетті. Ел аузында: «Нағыз құтпан айғыр екен! Болса болғандай-ақ!» деген сөздер жырдай жатталды. Ө.Кәр. — Жә, жап аузыңды! Үйірімнен тай алдырмаған құтпан айғырлығым өтірік болмаса бір күшікке бола үрпиетін түгім жоқ. Табан тіреп тартысқа түсетін ол кім, мен кім? С.Смат.
