Posted in

ҚҰТТЫ ЖЕРІНЕ (ОРНЫНА) ҚОНДЫРДЫ (ҚОНДЫ)

Қызды күйеуге берді; тиісті жеріне орналастырды. * Қыз туды – масыл ғой. Екі апасын жасап, жабдықтап, реңдеп құтты жеріне қондырса да, кіші қызы ата-ананың жүрегін қара тастай басып, өтпей отырып алды. Ж.Айм. * Ішіндегі товарды әбден «құтты жеріне» қондырғаннан кейін бір бөшке бензинді магазиннің айнадай жарқыраған еденіне төгіп жіберіп, тәлтіректеп, солдаттар сыртқа шықты. М.Дәулетб. * Көпті көрген көнелер балаларын құтты жеріне қондырарда барар ұясының бапты болу жағын ойлайтын. Т.Ахт. ~ Бұл да бір пенде ғой. Қыз да құтты орнына қона алмай жүрген пақыр тәрізді. Кеше Арғынғазы шал да солай деп отыр еді. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *