Қызын тұрмысқа берді, ұзатты. ~ Қойшы, тәтемді ұзатып алыс Арқадан Ертіс белдеуіне апарып, құтты қонысына қондырып, екі жұма жүріп қайттық. Менің ең алғаш алыс жолға шыққан сапарым осылай аяқталды. С.Бег. ~ Қызының таза өсуін көксеген көңіл шіркін, сол Ардақ күні ертең бой жетіп, құтты қонысына ұзатылғандай гәп болса, бәрібір сол қиқу– сиқу ел ішіне баратынын бағамға алды ма екен. О.Бөк.
