Posted in

ҚҰТТЫ ОРНЫНА ҚОНДЫ (ОТЫРДЫ)

Тұрмысқа шықты. ~ Қазақтың сұлу қызы бой жетіп, құтты орнына қонып үлгергенше көкжиектен сығалаған сығырық көз жаудың назарына ілікпей қалушы ма еді. Ә.Кек. ~ Бұл да бір пенде ғой. Қыз да құтты орнына қона алмай жүрген пақыр тәрізді. Ә.Тар.

  1. Жайлы орынға жайғасты. ~ Былтыр бағы жанып, құтты орнына қайта қонды. Аузы күйген іске енді қайтып жуымауға ант еткені бар. Б.Тоғ. ~ Аузын ашса, ғылым мен білім, неше алуан қызғылықты әңгімелер фонтанша атқылайтын Сағатбай мұғалім өзінің құтты орнына қайтадан келіп отырды. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *