ҚҰТЫРҒАННАН ҚҰТЫЛҒАН Пәлесінен аулақ д.м. * Әлгі иттің баласы өтірік мас болды, байқадыңдар ма? — деді Әбдіжапар Бескемпір есіктен шығып кеткенше ізін бағып отырып, — құтырғаннан құтылған, соны тастап кетсеңдер қайтеді. Қ.Ысқ. ~ Бір-бірімен қызыл шеке боп төбелеспесе, атысып шабыспаса ішкен астары бойларына сіңбейтіндей. Құрсын! Құтырғаннан құтылған. Пәлесінен аулақ. Ө.Кәр. ~ Бір қария әлгі тұлпарға қарап тұрып: “Бұл өзі төрт тұяғы болат жылқы деген мал екен, жүрген жері жаугершілік пәле екен. Құтырғаннан құтылған абзал” деп жануарды атқызып тастапты деп аяқталады аңыз. С.См.
