Posted in

ҚҰШАҒЫН АЙҚАРА АШТЫ

Айрықша қонақжайлық танытты, құшағын кең жайды. ~ Егер Қазақстанның сыртындағы қазақтар жолын таппай шоғырлана білмесе, Қазақстанда тұратын қазақтар құшағын айқара ашып бауырына баса алмаса, осындағы жергілікті қазақ пен сыртта тұратын қазақтарда ұлттық намыс жоқ деп айтуға тура келеді. Ж.Баб. ~ Тірі екенсің ғой. Сенейін бе, сенбейін бе?! Енді өлсем, арманым жоқ!»- деп, құшағын айқара ашқан Заңғардың көзі мөлдіреген жасқа толып кетті. Б.Ыбыр. ~ — Олар — опасыз. Сталиннiң заһарынан жер ауып келiп, қазақтың құшағын айқара ашқан ақ пейiлiн сыйламады. Суын iшiп, құдығына түкiрдi. Ә.Ыб. ~ Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала, бүгінде ерекше құлпырып тұр. Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып жаныңа жайлылық бередей құшағын айқара ашуда. М.Әбдір.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *