Риясыз көңілмен қарсы алды. ~ Желкілдеп жан түбінде жатқан ойға Майда жел сыбырлайды мұңын қосып. Таңдаған тағылықты тау баласын Табиғат қарсы алып тұр құшақ ашып. Ә.Найм. ~ Айырылып қалған ағайынның артынан Жәнекеңнің ауылына алғаш рет ат басын бұрып келе жатқан Тұрсынбек, Мақсұт, Темірхан ағалар болып, барлығымыз алдымыздан құшақ ашқан Жәнекем әулетімен қуана қауышып жатырмыз. Ж.Шәк. ~ Таңертең тағы жолға шықтық. Қанды асудан ары асып түскенде, Тәңіртаудың шыңдары күнге шағылысып жарқ етті де, айбынданып, айдынданып Жуалы деген жер жаннаты құшағын ашты. Ш.Мұрт.
