Қанағат алды, көңілі толды. ~ Қолдарының құшыры қанып үлгермеген есер топ та желiккен аттарын тежеп, жерде жатқан бала батырға тақай бергенде, Қасқақ та құла төбелден қарғып, жерге түскен. К.Сег. ~ Магомедтің құшыры қанғанда шиқылдайтын әдеті болса керек шиқ- шиқ етіп рахаттана күлді. С.Смат. ~ Сендер менімен әзілдескілерің келген екен?! – деді бұған да әлі құшыры қанбай қалған Мерген. К.Сег. ~ Мен анық білемін, ұрған сайын құтырына түсіп, онан сайын құшыры қанатындар да болады. Ф.Дос.
