Posted in

ҚЫЗ ИБАСЫ

Салт, қыз алуға барғанда күйеу жігіттің беретін кәдесі. ~ Шəмшидің қыз ибасын төрт кісі сұрап, соның қайсысына беруді Қара бəйбіше Көксаумен ақылдасып отыр еді. Ж.Айм. ~ Қыз ибасын бір қараша үй алып, қыз ойнақ қылды. Ж.Айм.

  1. Қыз балаға тән әдептілік. ~ Үйдегi Гүлмираның жүрегi атқалақтап, тайша тулайды. Бүгiн Жанат келемiн деп едi, мынау сол шығар деп ойлады. Тұра жүгiрiп, далаға атыла жөнелуге қыз ибасы жiбермейдi. Көңiлiнде қыпылы жоқ, алаңсыз жанға ұқсап, әлдебiр нәрсеге алданған боп, түртiншектенiп жүрiп алды. Ә.Ыб. ~ Осындай иманды ой мен қыз ибасы алдында құрбан болып, бiреудiң қолына тағдырын сенiп тапсырыпты. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *