ҚЫЗ ЖАТ ЖҰРТТЫҚ Қыз баланың басқа жаққа ұзатылып, өзге шаңырақтың түтінін түтетіні туралы. ~ Балалары бар болса да, тұрмысқа шыққан бір қыз баласының қолында тұрады. Қазақ қызды «жат жұрттық» — деп кемітеді де, ұлды ардақтайды. С.Шай. ~ Жеңеше! – деді кенеттен нық дауыспен. – Қитарбайға тимеймін мен. – Қалай тимейсің, Еркем? – Жеңгесі иығынан құшақтады. – Баяғыдан бергі салтымыз солай, қыз жат жұрттық, айттырған жерге барасың. Әуелі жатырқағанмен кейін үйренісіп кетесің. Н.Қам.
