Posted in

ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ИТІ

Адамның жанын жеген көре алмау, қызғану сезімі. ~ Осы тұста: “мынау қайтеді- ей, баса көктеп қайда барады- ей! ” дейтін қызғаныштың қызыл иті де әлгі тілеулестеріңнің ортасына қосыла кетіп, бірақ жымын білдірместен «бір орайы келгенде оңбай сүріндірермін» дейтін бақай есеппен азуын көрсетіп- ақ үлгереді. Қ.Жиен. ~ … ол жаман менен ала алмаған өшін Құлагерден алды. Еш міні жоқ жануарым, тұлпарым ойда-жоқта қызғаныштың қызыл итіне таланды. Қарақшының қанды қолынан мерт болды. Р.Мұқ. ~ Көкірегін көрсоқыр қызғаныштың қызыл иті талаған бейшараның пұшайман халін түсінгендіктен бе, ашудан гөрі аяныш басым көңілінде. Т.Сәу. ~ Қызғаныштың қызыл иті деген пәле де жаман ғой… Айдай ару келіншегін алып, ағайын арасынан жырақтап, бір кездерде қатар көшіп жүрген түрікмен достарының ішінде қоныс тепкені де бар… А.Өтег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *