Әлдекімді (әлденені) жанын салып қорғады, аман сақтап қалуға тырысты, пана болды. ~ «Мөлдір махаббатты» мойындамағанымен Сәбит Мұқановтай жазушының шабытты қызу жастық шағының ескерткішіндей «Адасқандар» романын қызғыштай қорып жатса оған неге қуанбасқа? Қ. Ерг. ~ Осы жігіттер жолап кетсе болды, Әйешті ешкімге қимай, қызғыштай қоритыным қалай? М.Қаб. ~ Сол киелі ұғымды қызғыштай қорғап, ел шетіне жау келгенде қолына қару алып ұрысқа кірген жауынгерді естен шығара береміз. Д.Дос. ~ Құнанбай қызғыштай қорғаған көшпелі феодализмнің де заңы ортағасырлық инквизициядан кем соқпайтын. Оған дін араласты. Т.Жұр.
