Құмары қанбады. ~ Осы күндерде қалада, өзi кездескен мәжiлiсте Ысқақ та, Мұхаметжанның өзi де үнемi “Татьяна-әнiн” айтумен болып едi. Қаладан қайтар алдында Мағаш Михайловқа соңғы рет кiрдi. Абайға досы жазған хатты алып отырып, бұндағы жас арасында қызығы басылмаған, жаңа әннiң де жайын айтып едi. М.Әу. * Қонақтарды Жанқожаның отауына кіргізді. Биыл шаңырақ көтерген жас отау. Әлі қызығы басылмаған. З.Шүк. * … Сенің әкелген ойыншығыңа мәз болып… тіпті қызығы басылар емес. Т.Ахт. ~ Әлi күнге Базаралының нұрлы жүзiне, жолбарыстай келбеттi тұлғасына Нұрғаным айнымас ыстық достықпен қарайтын. Дүниеде бұл кешкен тiршiлiкте қызығы басылмас шын қадiрлес ардақтысы – осы қонақ. М.Әу. ~ Ерғазы бұл ойнақы жас әйелді хатшылық қызметке жақында алған. Әлі қызығы басылған жоқ еді. Ананың кербез пішініне еріксіз көз аударды. І.Ес. ~ Өлеңнен жалыққан кезде, байдың бір ым қағуымен Жындықара ұртын қушитып, ернін шүртитіп, екі қолын артына жіберіп, шапанын көтеріп қанат қып, еңбектеп, секектеп, бүркіт болып, төменгі жақтағыларға төніп, екі аяғының арасынан насыбайын саңғыды. Оның қызығы басыла бергенде, Жындықара кетіп қап, белдемше байлап, басын ақ орамалмен тартып, буаз матүшке болды… Ж.Айм.
