Айғай-шуға ұласқан дау-дамай. ~ Жо-оқ, олай емес, деп Керфуттың көзі шатынап шыға келеді. Бұның арты қызыл кеңірдек дауға, қып-қызыл ұрысқа айналады. Дж.Лонд. ~ Сезеді де, қызыл кеңірдек даудан әбден қалжыраған Тай келтірді де, өзін де аяйтындардың мынау тіл тістеп қалғандарына көңілімен болса да шүкіршілік етеді. С.См. ~ Жирен сақал Нұрша келіп, қаракөк биенің ноқтасына жармасқанда, ақ сақалды Біркімбай: — Тарт қолыңды! Бұл биені енді саған жетектетіп жібере алмас!—деп саңқ ете қалды. Осыдан кейін кәдімгідей қызыл кеңірдек керіс басталды. Т.Әл.~ Біріміз: «бәрін оқиды, бәрін оқымаса профессор болушы ма еді», — енді біріміз, «бәрін қайдан оқысын, оған өмірі жетпейді ғой», осының өзін қызыл кеңірдек таласқа айналдыратын едік. Н.Сер. ~ Полковник үйі жанындағы жылыжайда Гвидомен, Ремомен, Черретимен бірге қанша түнді қызыл кеңірдек айтыспен өткізбедік десеңші. Ч.Павез.
