Posted in

ҚЫЗЫЛ КӨЗ

Пәлеқор, жалақор, кесірлі адам туралы. ~ Осы қызыл көзден құтылдық па, құтылмадық па дегендей анау- мынау ақау- сақауды бүтіндер- бүтіндеместен әккі құрылысшылар басқа объектіге үдере көшті. К.Хамз. ~ Қотан торыған қызыл көздер жоқ па деп бір айналып шыққанша етек жақтан бір топ салт аттының дүбірі естілген. Қ.Ысқ.

ҚЫЗЫЛ КӨЗ ПӘЛЕ

Пәлекет, шатаққұмар, даукес. ~ Осы сәтте анадай жерден Алтын тіс те етіп бара жатқан. Шаптығып тұрған Асылбек шұғыл жуасып: — Сасық шекпені саудырлап қызыл көз пәле қайтып кеп қалыпты ғой,— деп қойды. Т.Әл. ~ Өзі бізден екі класс төмен оқитын, ұп– ұзын боп үндемей жүруші еді, кім білген оның жүрегінде қандай қызыл көз пәле жатқанын. Сондағы балалардың қылжақ еткені есіме түссе, аза бойым қаза тұрады. О.Бөк. ~ Қызыңды Әлиге бермедің деп із – өкшеме түсіп алған қызыл көз пәле Аралбайға енді Бойков қосылды. С.Ом. * Ана жақтағы жаман жерлесі сияқты ала тақия да иісшіл иттей түртінектеп, қайдағы бірдеңені тауып алатын қызыл көз пәле болмасын. Ә.Нұрп. * Әуелгiде фамилиясына қарап, мұсылман ғой деп iшi жылып қап едi, дiнi кәпiрден де қатты, қадалған жерiнен қан алатын қызыл көз пәленiң өзi екен. Т.Сәук.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *