Posted in

ҚЫЗЫЛ КӨЗДІ ПӘЛЕ (БӘЛЕ)

Барып тұрған пәлеқор, жалақор, дау іздеген сұрқия адам туралы. * Менен жұрт сескенейін деді. Мен келе жатқанда, қызыл көзді пәле келе жатқандай атын, дүниесін тыққыштап, өп-өтірік жалпақтауды шығарды. Ж.Айм. ~ Армияға алып кететін шығар, бұл қызыл көз пәледен сөйтіп құтылатын болармыз деп бүкіл ауыл күткен, әсіресе оның қылжағынан ығыр болған қыз- келіншектер мен біздер — балалар, шынымен- ақ қуанғанбыз. С.Мұр. * Ағайын арасында аз үйлі керей болғанмен Айнабай деген бірді-бірге соғып, екі елдің арасына от салып тұтандырып жүретін бір қызыл көзді бәле. Б.Май.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *