Жаяу ұзақ жүріп, шаршап-шалдықты. ~ Аяқтары шашауларынан төмен қып-қызыл, кейбірінің сирағының да терісі кеткен. Күртік қарды төбе-төбе қызыл табан болып қалжырағанға ұқсайды. К.Қаз. * Оған бір кірген малды табу маядан ине іздегенмен бірдей. Қызыл табан ғып асфальтпен айдайсың. Тасырқап, зәрезеп болған бейшаралар жалданған жолдың жиегіне қарай қашып, біресе оңға, біресе солға төңкеріліп әлек. Т.Сәу. * Сол конфискацияны ұндемей қарсы алсаңыз қайтер еді, әке. Онан арғысын көре жатармыз… — Қызылтабан қылып итжеккенге айдап салмай ма?! О.Бөк.
