Өңіне қан жүгірген, жүзі нұрлы. * Таңғы шайдың дастарқанын жайып жатып,күйеуінің қызыл шырайлы нұрлы өңінің солғындығына имене қарады… Ж.Шәк. * ─Жақсы қыз ба? – деді Есімбек жымыңдап. ─Жақсы болғанда қандай! Қызыл шырайлының әдемісі. Бірақ амалы жоқ, қайтсін. Әкесі малға қызығып, дуан жақтағы біреуге берейін деп отыр. Т.Әбд. * Таңертеңгілік уақыт. Бөлмеде жалғыз өзім. Жайлап есік ашылды. Кепкасын шешіп, қолына ұстап алған, толықша, қызыл шырайлы балан жігіттің жүзі көрінді. Б.Соқ. * Тотияның күлімдей салатын әдеті еді. Ал мына таңда қызыл шырайлы домалақ беті ерекше бал- бұл жайнайды. Ш.Мұрт.
