Діни сенім бойынша, өмір мен өлім, фәни мен бақидың арасындағы сынақ. ~ Тағдыры өлім мен өмір арасындағы көкжиектің қыл көпірі үстіне шығып, аспан мен жердің, фәни мен бахидың шекара сызығына әзер ілініп, ауытқып жатқан қария қай әнге, қай сарынға құлақ қойсын?!. Ғ.Біл. ~ Жез иықтының мына мүсәпір халін көргенде, оны әрі аяп, әрі сескенген. Жігіттің өлім мен өмірдің жігінде, қыл көпірдің үстінде тұрғаны анық еді, тезірек тайып отыру керектігін ұқты. А.Смай. ~ Бірақ осының аяғынан өзі де сорлап тұрған елбасыларына тағы да қиын күн туды. Күнестегі онбасы, елубасыдан өрге қарай, болыс, мампаңдармен ауылдың атқамінерлерін түгел ауданға жинап, қыл көпірден өткізді. Т.Рыск.
