Posted in

ҚЫЛДАЙ ҚИЯНАТЫ ЖОҚ

Тірі жанға жамандық жасаған емес, ешкімнің ала жібін аттамады. ~ Б ә к е н (Жақыпқа). Қой дегенім қайда соны? Ж а қ ы п. Құдай ақына, мырза, қылдай қиянатым жоқ. Өзінен өзі терісіне симай тұр екен. Ғ.Мұс. ~ Маған қылдай қиянаты жоқ жiгiттердi қолымнан байлап- матап берiп, iргемнiң бүтiндiгiн күйттейтiн кiсiң мен емес. Қалмақтың қырмаған, қырылмаған кезi жоқ. К.Сег. ~ Түр-тұлғасы да, мінез-құлқы да әкесіне тартқан момын адам. Өзгеге қылдай қиянаты, оғаш сөзі жоқ. Ү.Жәл. ~ Анада өздеріңе айтып едім ғой, сол Кенжебек байғұстың Нұртайға істеген қылдай қиянаты жоқ еді. C.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *