Дүрдараз болды. ~ Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенің жайлауына ортақ болғысы келгендей. М.Әу. ~ Алайда, тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соңғы жерде (Шалкиіз Б.К.) жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. М.Мағ. ~ …анау есікке таман келіп қалғанда, екеуіне де естірте: — Пай, екеуі бүгін қырбай боп қалды деп еді, қақтығып қалмаса игі еді, – деді. Сол сөздің аяғы біткенше алпамсадай, аусар жігіт Сарыауыз да кіріп келді. М.Әу.
