Posted in

ҚЫРҒИ ҚАБАҚ БОЛДЫ

Бір-бірімен дүрдараз, ала көз болды. ~ Кәрлі қыс ақала бас бурадай басып адамның қырыс-тырысын жаздырмайды. Адам бірінен-бірі қыстың кегін алатындай, қырғи қабақ боп, тоңырайсып отырады. Ж.Айм. ~ Осы ретте жас Ақан молдасымен қырғи-қабақ болып, сегіз жылдан кейін мектебімен қоштасады. Ә.Мар. ~ Ол талайларды тамсантумен келеді. Әуелі өзімен қырғи қабақ болған ағайындарын алдап таңырқатты; олардың ауыздарын алып алған соң, дереу бастарын жалмап таңырқатты. Ә.Кек. ~ Ендігі біздікі тыраштық па, үйдегі ошақ иесі де менімен осы үшін қырғи қабақ. Әтеннің сөзінің байыбына барған Бәйбек жоқ. К.Жүн. ~ Мұхитпен шектесіп жатқан әне бір көршілес екі елдің талай жылдан бері неге қырғи қабақ боп келгенін адам түсініп болмайды. Н.Сам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *