Сансыз көп, есебі жоқ, түбіне жету мүмкін емес, құрық бойламайды д.м. * Әлде… қызда қырық есекке жүк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жүр ме екен? Ғ.Мүс. ~ Өкімет назарына, ел көзіне іліккен жігітке шынымен құлады ма, әйелдің қулығы қырық есекке жүк, Сібірден қорыққан аяңкес қыз амал жоқтықтан Сүлейдің етегінен ұстады ма, өздері қашан уағда байласқан, ол жағын әлі күнге дейін білмейміз… М.Қаб. * «Бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» дейтін бе еді қазақтар? Қ.Жұм. * Əйелдердің қырсығы қырық есекке жүк дегенді естіп па едің? – деп алдына калькульятор мен ұсақ ақша қойды. С.Дос. ~ – Бір қатынның айласы қырық есекке жүк болады. Екатерина ұланғайыр Ресей империясында талайларды ат қып мініп, отыз жылдай тақымында ұстаған, – деді Сүлеймен күліп. – Қатындардың тақымын осал деме. С.Жүн.
