Қазақ ертегілерінде кездесетін аса үлкен үй, ғимарат, бекініс. ~ Төстік сонда айтады: – Ау, ел ағасы – Ер Қосай! Кеше қара жорға азғырған, Кеше жалмауыздың үйшігі Жер астында жазғырған, Қырық қабат темір үйдің ішіне Онда салып тастаған Шалқұйрықтың жегені Жарым табақ арпа еді. Ә.Марғ. “Көкетай хан.” ~ Құрығандай сілесі Қырық қабат үйден биік, Жалпақ және бес есе, Денесінен, сүзгендей боп, Шаптырады су есіп. Ж.Молд.
