Posted in

ҚЫРЫП АЛАР ЕТІ ЖОҚ

Терісі сүйегіне ілінген арық, тарамыстай сіңірлі. ~ Алғашында оны бұл аңғармады. Байқаса, кәдімгі есі ауысқан жынды Данаш. Басы тап-тақыр. Жар қабақтың астындағы шүңіл көзі кісіге өлеусірей тесіледі. Бойында қырып алар ет жоқ. Қияпатты кескінінде сиық қалмаған. Ө.Кәр. ~ Үсті-басы малмандай су. Біреуі бойшаң әрі семіз, енді біреуі қырып алар еті жоқ тарамыс. Е.Әбік. ~ Қырықтың ішіндегі ілмиген ұзын тұраның бір қасиеті – болмайды демейді. Қырып алар еті жоқ ши қазанат Шорық шапқылаудан жалықпай, жұмысты ынтамен беріліп істейді. Ө.Кәр. ~ Ұзын, сүйірлеу келген басында қырып алар артық ет жоқ, сіңірлі тілерсегі серіппелі, жал- құйрығы күлтелене төгіліп жайнаң қағады. А.Смай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *