Жақтырмай, ұнатпай, ренішпен, қош көрмей қарау. * Қырыс қабақ бала бұл ағасын анық ұнатпай, iшiнен ашу жиып, ызаланып қалғандай. М.Әу. * Әзбергенді түтіп жеп барады. Қырыс қабақ Әзберген етігінің сірісін тепкілеп киді де, орнынан тұрды. С.Елу. * Мұрат әкесіне жақтырмай қарады. Домалақ кемпір де жақтырмай, қырыс қабақ танытты. Қ.Ысқ. * Өзіне сенімді қырыс қабақты Мамозы көзі қанталағандай болып, танаурап, анық бәлелі бетін әлі де таныта түсті. Ж.Ахм.
