Posted in

ҚЫСЫМ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ)

Қинады, қыспаққа алды. * Құдіреті күшті Құданың Осы көптің ішінде Жалғыз маған түсіпті Қысым қылған тарлығы. А.Байт. (“ҚҚҚ”). * Қабырғама қара жер батты, құдай, Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай! І.Ес. * Бекет те дым істей алмады. Қызметтен шығарса, қудалады дейді. Сөксе, өзара сынға қысым жасады дейді. Қ.Ысқ. * Мұндайда жатқан жыланның құйрығын басып, оларды ашық айқасқа шақырғаннан гөрі, тақ таласынан туған ала ауыздықты пайдаланып, елші жіберу арқылы сырттай қысым жасаған тиімді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *