Қысыр қалып құлындамаған байтал, биелер. * Найзагерлікті далада жылқы батып жүргенде үйренген. Қысырақтың үйірін қуып жүріп, тай- байталдардың құйрығын найзалағанда қимылына көз ілеспейтін көрінеді. Қ.Жұм. * Үйiрi қысырақтың мақпал қара, Шашыңды күндiз жуып, түнде тара. Көңiлдiң құпиясын ашар едiм Тотыжан, сөйлес қылсақ екеуара. Ақан Сері. * Әйеліне:- Қаңғыбас сәурікке қысырақтың үйірін бөлмей тынбайсың. Ұлды ұяға қондырмасақ болмады. Бірдеңеге ұшырап жүрмесін. Қара бүркіттің шеңгеліне түспесін де! Түсе қалса тұқымын тұздай құртады, – деп қарқ- қарқ күліп алған. Т.Рыск. * Жасырмаймын. Алғызған албырт – анасының қойнын ашар. Сенің қалың – қауымыңның бейқамдығы. Қысқа күнде енді қырық кісінесең де, маңайына қысырақтың үйіріндей де шоғырланар ер – қара қалдырғам жоқ. Азбан айғырдың тозған тұяғынан мардымды шаң ұшпайды. Сен де сол болдың. С.Смат.
